Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Өмірі өнегелі қаламгер»

Дата: 25.11.2025 Рубрика: Бери пример!
36
0
 «Өмірі өнегелі қаламгер»
Рудный қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мемлекеттік тілдегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Әдеби қолтаңба» өлкетану жобасы аясында рухани-­танымдық «Өмірі өнегелі қаламгер» атты шығармашылық кеші өтті.
Кештің басты кейіпкері – туған жеріміздің мақтанышы, ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісінің иегері, Рудный қаласының Құрмет тақтасына енген тұлға, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақын әрі қара сөз шебері Жаңбыршы Тұқатұлы Тілеуғабылов болды. Іс-шара оның өмірі мен шығармашылығына арналған.
Кешке қаламыздың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жергілікті қаламгерлер, облыс орталығының қонақтары, мәдениет және білім саласының қызметкерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Шара барысында жас буын өкілдері ақынның жүрек тебірентер жырларын нақышына келтіре оқып, шығармашылығына деген құрметтерін көрсетті. Жергілікті өнерпаздар мен домбырашылар күй тартып, Тұқатұлының досы, ақын әрі сазгер Қайырғали Әлекеұлы Әбішов «Дәурен – ай» атты күйін сахнада орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі – ақынның сөзіне жазылған «Жан жарым» әнінің шырқалуы болды. Бұл туынды тыңдармандардың жүрегінен ерекше орын алып, кешке әсем әуен мен шынайы сезім сыйлады.
Сонымен қатар, кеш қонақтары – өңірдің белгілі тұлғалары мен шығармашылық иелері ақынға арнап өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын, арнау жырларын оқыды. Сөз алған әрбір қонақ Жаңбыршы Тұқатұлының қаламгерлік болмысын, елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Ақынға Қостанай облысы әкімінің қоғамдық негізігі орынбасары, профессор, облыстық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қалқаман Хасенұлы Жақып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі А.Ахметжановтың «Алғыс хаттары» және «Рудный ОКЖ» директоры Лариса Анатольевна Александренконың «Алғыс хаты» табысталды.
Бұл шығармашылық кеш – қалам мен қоңыр домбыра үндескен, жыр мен күй тоғысқан рухани мереке болды. Кеш қатысушылары рухани қуат алып, қаламгердің өнегелі өмірінен тағылым түйді.
Гүлбараш Уалиева,
мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!