Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қостанайлық студенттердің жетістігі

Дата: 18.11.2025 Рубрика: Бери пример!
28
0
Қостанайлық студенттердің жетістігі
Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ERG Skills International-2025 халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Бұл додаға Қазақстан мен Қытай елінен келген 92 қатысушы қатысып, 13 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін сынға салды.
Қостанай облысының намысын ERG колледждер Альянсының 8  студенті қорғады. Олар 8 түрлі құзыреттілік бойынша бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетіп, облыс командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Жітіқара политехникалық колледжінің студенттері байқауда ерекше көзге түсті.
Александр Гадлевский – «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша алтын медальға ие болды. Сарапшысы – Самат Есіркепов. Ал Байтуов Руслан – «Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иегері атанды. Сарапшысы – Болат Адамбаев.
Жарыста Данил Ярошевич – «Электромонтаждау» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иеленді. Оның сарапшысы Тимур Серікұлы. Роман Демиденко «Маркшейдерлік іс және геодезия» құзыреттілігі бойынша күміс медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ Рудный политехникалық колледжінің студенті Андрей Ивахно «Еңбекті қорғау» құзыреттілігі бойынша қола медаль иегері атанды. Сарапшысы – Мария Бабенко.
ERG Skills International – өндіріс саласына қажетті кәсіби мамандарды анықтауға, олардың біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды халықаралық алаң.
Қостанайлық студенттердің бұл жетістігі – өңір колледждерінің кәсіби даярлық сапасының, сарапшылар мен ұстаздардың жоғары деңгейдегі еңбегінің нәтижесі.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!