Қостанайлық жас ғалымдар жаңалық ашты
Дата: 11.11.2025 Рубрика: Бери пример!
0
23
0

Олар малдың сүйек-саяғын кәдеге жаратудың және қой жүнінен экологиялық тыңайтқыш жасаудың жолын тапты.
Бұл қызықты идеялар жуырда Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өткен агро-хакатонда көпшілікке таныстырылды.
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты бұл байқау еліміздің 20 өңірінде бір уақытта өтті. Қостанайда 11 команда өз жобасын қорғады. Барлығы да ауыл шаруашылығын дамытуға, экологияны сақтауға арналған ғылыми ойларын ұсынды.
Қой жүнінен тыңайтқыш
ҚИнЭУ-дің 4-курс студенті Нұралы Ожан және оның командасы қой жүнінен ерекше тыңайтқыш жасап шығарды.
«Елімізде жыл сайын тонналаған қой жүні қоқысқа тасталады. Біз соны пайдаға жаратып, экологиялық таза өнім жасауды ұйғардық», – дейді Нұралы.
Жаңа тыңайтқыш – ашытылған қой жүнінен алынған сұйық концентрат. Ол топырақты байытып, қызанақ, қырыққабат, құлпынай сияқты өсімдіктердің жақсы өсуіне көмектеседі. Оның құрамында кератин, азот, күкірт және амин қышқылдары бар.
«Мен ауылда өстім. Қой жүнінің далада үйіліп жатқанын көрген сайын, оны кәдеге жаратудың жолын іздедім. Енді сол жүнді тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатынын дәлелдедік», – дейді жас өнертапқыш.
Тіпті Нұралы үйіндегі гүлге тыңайтқышты қолданып көрген. Екі аптадан соң гүл қайта жайқалыпты. Қазылар алқасы жобаға жоғары баға беріп, оның ғылыми және экологиялық маңызын атап өтті.
Сүйектен пайда
Тағы бір ерекше жоба «Вторая жизнь» деп аталады. Бұл жоба мал сүйектерін өңдеп, түрлі өнім жасауға арналған. Мұндай бастама да экологияны қорғауға және қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған.
Ал студент Даниил өз бастан кешкен жағдайдан шабыт алып, ерекше идея ұсынды. Ол PulseGo – жедел жәрдемге ұқсас, бірақ жылдам қызмет көрсететін көлікті ойлап тапқан. Мобильді қосымша арқылы ең жақын маңдағы көлік шақырту алып, бірнеше минут ішінде науқасқа алғашқы көмек көрсетеді. Бұл идея көпшіліктің назарын аударды.
Жеңімпаздар анықталды
Қазылар алқасы жобаларды мұқият тыңдап, ең үздіктерін таңдады:
1-орын – «Вторая жизнь» (сүйек қалдықтарын өңдеу)
2-орын – «WoolGrow» (қой жүнінен тыңайтқыш)
3-орын – «PulseGo» (жылдам көмек жобасы).
Бірінші орынды иеленген команда Астанада өтетін республикалық хакатонда Қостанай намысын қорғайтын болды.

Комментарии