Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұстаз елдің тірегі – ұрпақтың жүрегі

Дата: 04.11.2025 Рубрика: Бери пример!
41
0
Ұстаз елдің тірегі – ұрпақтың жүрегі
Арқалық қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияда ерекше әсер қалдырған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Қария елдің тірегі – ұрпақтың жүрегі». Бұл кездесудің басты қонағы – көп жылдар бойы бала тәрбиесіне еңбек сіңірген ардақты ұстаз, зейнеткер Гүлбаршын Сұлтанқызы Әбдібекова болды. Ольше в рудный
Кездесу өте жылы, рухани мазмұнда өтті. Гүлбаршын Сұлтанқызы шәкірттерге өз еңбек жолы туралы әңгімелеп, ұстаздықтың қадір-­қасиеті, жауапкершілігі мен жүрек жылуын қажет ететін қасиетті мамандық екенін атап өтті.
«Мұғалім болу – тек білім беру емес, әр баланың бойындағы отты үрлеп, өмірге сенім ұялату. Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттің жетістігі», – деді ардагер ұстаз.
Балалар өз кезегінде қонаққа сұрақтар қойып, қызығушылықпен тыңдады. Кездесу барысында ұстаздың өмірлік ұстанымдары мен еңбек жолындағы қызықты сәттері, оқушылармен болған естеліктері айтылды.
Іс-шара соңында шәкірттер Гүлбаршын Сұлтанқызын шын жүректен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. Жас ұрпақ ардагер ұстаздың өмірлік тәжірибесінен өнеге алып, үлкенді сыйлау мен еңбектің қадірін түсінді.
Бұл тағылымды кездесу мектеп өміріндегі маңызды дәстүрлердің біріне айналып, шәкірттерге үлкен рухани әсер қалдырды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!