Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақстан – егемен мемлекет

Дата: 28.10.2025 Рубрика: Бери пример!
54
0
 Қазақстан – егемен мемлекет
Республика күніне орай «Дорожный» кітапхана-­филиалының қызметкерлері №17 орта мектеп оқушыларымен «Қазақстан – егемен мемлекет» атты ақпараттық сағат өткізді.
Кітапханашылар қатысушыларға арнайы дайындалған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты тақырыптық кітап көрмесін таныстырды. Көрмеде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ұлт бірлігі мен бейбітшілікті дәріптейтін еңбектер, тарихи тұлғалар мен елдің даму кезеңдеріне арналған әдебиеттер қойылды.
Шара Әнұранның орындалуымен басталды. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсеткен бұл сәт оқушыларды ерекше патриоттық көңіл күйге бөледі. Кітапханашы Айнагүл Утебаева балаларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекет дамуының негізгі кезеңдері мен ел егемендігінің маңызы жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
Оқушылар ел мен жер туралы сұрақтарға белсенді жауап беріп, туған Отан тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, оқушылардың бірі – Махмутов Нұрдәулет ұлттық аспапта «Балбырауын» күйін орындап, шараның рухын одан әрі асқақтатты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, егемен ел ретіндегі Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу және ел тарихына деген құрмет сезімін арттыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалар өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, егемендіктің қадірін ұғына түсті. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Айнагүл Өтебаева, «Дорожный» кітапхана-­филиалының кітапханашысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!