Ұлтты оятқан – Міржақып оқулары
Дата: 28.10.2025 Рубрика: Бери пример!
0
54
0

Рудный қаласында өткен «Міржақып оқулары – 2025» республикалық байқауы ұлт руханиятына деген құрмет пен жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын айқындаған тағылымды шара болды.
Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен Астана мен Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қостанай облысының барлық аудандарынан барлығы 202 оқушы қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды.
QC READ жобасы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар Міржақып Дулатұлының он шығармасы бойынша тест тапсырмаларын орындап, ақын мұрасына деген білімдерін көрсетті. Екінші кезеңде оқушылар ұлт ұстазының еңбектерінен алған әсері мен ой-толғамдарын эссе түрінде жазып, көркем ойлау қабілетін байқатты.
Міржақып Дулатұлы – ұлт санасын серпілткен, азат ойдың туын көтерген, халықтың мұңын жырына, арманын сөзіне айналдырған дара тұлға. Оның шығармалары елдік рух пен ұлтжандылықтың айнасы. Бұл байқау жас буынды Міржақып мұрасымен тереңірек таныстырып, оның «Оян, қазақ!» үндеуін жүректеріне сіңіруге мүмкіндік берді.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қоғам қайраткері, этнограф, Ахмет Байтұрсынұлының туысы Ибраһим Ағытайұлы, QC Holding құрылыс компаниясының басшысы Нұралхан Әмірханұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабылов, ақын, құрметті азамат Арман Хасенов, сондай-ақ Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темурхан Бекбергенұлы және танымал ұстаздар мен профессорлар қатысты.
Әділ қазылар құрамында Салтанат Өтелбаева, Данияр Ихсан және Назира Жәрімбетова болды. Олар қатысушылардың білімін, шығармашылық деңгейін және әдеби талғамын жоғары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша 9 қатысушы мен 5 жетекші үздік деп танылды.
Бас жүлде иегері – Бұхарбай Айару, Жангелдин ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 11-сынып оқушысы (жетекшісі – Елугүл Бекетова). Айару байқаудың бас жүлдесі – iPhone 16 Pro Max құрылғысына ие болды. Сонымен қатар жүлдегерлерге Acer ноутбуктері мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңында қатысушылар Рудный қаласында орнатылған Міржақып Дулатұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тұлға рухына тағзым етті. QC Holding компаниясы барлық қатысушыларға арналған әдеби-танымдық экспедиция ұйымдастырып, ұлт ұстазының ізі қалған қасиетті орындарға сапар шегу мүмкіндігін жасады.
«Міржақып оқулары – 2025» байқауы – тек әдеби сайыс қана емес, рух пен білімнің, сана мен серпіннің тоғысқан мерекесі. Мұндай игі дәстүрлер ұлттың рухани дамуына, жастардың кітапқа, білімге және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосады.
Рудный қаласы

Комментарии