Оқы да, жең!
Дата: 21.10.2025 Рубрика: Бери пример!
0
60
0

Науырзымда кітап сүйер жастарды ерекше байқау күтіп тұр. «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсы басталды. Кітап оқуды жақсы көретіндерге тамаша жаңалық! Науырзым аудандық орталық кітапхана ұжымы Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен өтетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын таныстырды.
Байқаудың басты мақсаты – жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін дамыту. Конкурс 10 қазаннан басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарға дейін жалғасады және төрт кезеңнен тұрады.
Кітапханашылар шара барысында қатысушыларға байқау ережесін түсіндіріп, барлығын www.kitap10.kz/ сайтында тіркелуге шақырды.
Байқау барысында қатысушылар сүйікті кітаптарын оқып, өз әсерімен бөліседі, талдау жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
«Бұл конкурс жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, ой-өрісін кеңейтуге және кітап оқу арқылы өзін-өзі дамытуға үлкен мүмкіндік береді», – дейді ұйымдастырушылар.
Науырзымдық кітапханашылардың айтуынша, биылғы байқау ерекше форматта өтпек. Қатысушылар тек білім мен шабыт алып қана қоймай, қызықты сыйлықтарға да ие болады.
Кітап оқы, ойыңды дамыт, жеңіске бірге жет!

Комментарии