Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғатпен сырласып көрдіңіз бе?

Дата: 07.10.2025 Рубрика: Бери пример!
46
0
Табиғатпен сырласып көрдіңіз бе?
Биоалуантүрлілікті сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері жас ұрпаққа табиғаттың қыр-сырын таныстыруды дәстүрге айналдырып келеді.
Жақында қорықтың «Бұлақ» соқпағында Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Науырзым қорығы аумағында кездесетін өсімдіктер» болды. Дәріс барысында балалар қорық аумағында өсетін сирек және бағалы өсімдіктермен жақынырақ танысты. Қызғалдақ, бәйшешек, түрлі дәрілік шөптер мен ағаш-бұталардың ерекшеліктері туралы мол мағлұмат алды. Табиғатпен тікелей байланыста өткен сабақ оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Қорық қызметкерлері жас бүлдіршіндерге әрбір өсімдіктің экожүйедегі орны, жануарлар мен құстар тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндірді. Сонымен бірге табиғатты қорғаудың қарапайым қағидаларына тоқталып, табиғатқа жанашыр болудың маңыздылығын айтты.
Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, мұндай шаралар балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, экологиялық мәдениетті бойына сіңіруге септігін тигізеді. Өз көздерімен көріп, қолмен ұстап үйренген мәлімет оқушылардың есінде ұзақ сақталатыны анық.
Танымдық дәрістің соңында оқушылар қорық қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар алды. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы табиғатты қорғау ісіне бейжай қарамайтын өскелең ұрпақ қалыптасып келе жатқанын аңғартты.
Науырзым қорығы ұйымдастырып отырған осындай бастамалар – жас буынды табиғатқа жақындатудың, туған жердің байлығын бағалаудың айқын көрінісі.
Арлан Асқар, оқушы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!