Тілді үйретудегі шеберлік пен жаңашылдық
Дата: 07.10.2025 Рубрика: Бери пример!
0
44
0

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Үздік оқытушы» облыстық байқауы – қазақ тілін оқыту саласындағы үздік әдістемелер мен тың тәжірибелердің алаңы. Биыл бұл байқауды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы жоғары деңгейде өткізді.
Қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары бақ сынаған бұл байқауда 1-орынды Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Нұрсыйла Мейірімханова жеңіп алды. Оның еңбегі облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де бағаланды. Нұрсыйла Мейірімханова 2025 жылдың 19 қыркүйегінде Қарағанды қаласында өткен, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауда 3-орынға ие болды.
Бұл жетістік – тіл үйрету ісінің маңызын дәлелдеп қана қоймай, әрбір оқытушының еңбегінің елдік деңгейде еленіп жатқанын көрсетеді. «Үздік оқытушы» байқауының басты мақсаты – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын терең меңгеріп, оны қазіргі заман талабына бейімдей отырып қолдану, сонымен қатар қазақ тілін оқытудағы жаңашыл тәжірибелерді кеңінен насихаттау.
Оқытушылар үш кезең бойынша сынға түсті: сабақ үлгісі – қатысушылар ортадан жоғары (В2) деңгейге сай заманауи технологияларды қолдана отырып қазақ тілінен сабақ үлгісін дайындады., әдістемелік білім сайысы – Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелеріне негізделген сұрақтарға жауап беріп, өздерінің педагогикалық шеберлігін көрсетті және практикалық сабақ – өзге этнос өкілдерінен құралған сынама топқа сөйлеу әрекетінің 4 дағдысы бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) сабақ жүргізді.
Бұл байқау – тіл үйренудің тек грамматика мен сөздік жаттау емес, ең әуелі рухани құндылыққа бастайтын жол екенін айқындады. Қазақ тілін үйрену арқылы тыңдаушылар ұлттық мәдениетке, тарихқа, дәстүрге бойлайды. Ал ұстаздар – сол жолдағы бағыт беруші шамшырақ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бірақ ең басты сыйлық – олардың еңбегінің бағалануы, тіл үйретудегі тәжірибесінің үлгі болуы.
Бүгінгі таңда көптілділікке қадам басқан қоғамда мемлекеттік тілді білу – әрбір азаматтың борышы. Қазақ тілін үйрену – тек міндет емес, сонымен бірге елге деген құрмет пен болашаққа салынған инвестиция. Осындай байқаулар – тілге деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, оны үйретудің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Комментарии