Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Пікірсайыс турнирінде топ жарды

Дата: 30.09.2025 Рубрика: Бери пример!
41
0
Пікірсайыс турнирінде топ жарды
Семей қаласында өткен республикалық пікірсайыс турнирінде Қостанай облысының командасы абыроймен өнер көрсетіп, өңір намысын лайықты қорғады.
Бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас пікірсайысшылар өз білімін, шешендігін, логикалық ойлау қабілетін сынады. Олардың арасында Қостанайлық оқушылар да жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бірінші орынды жеңіп алған «Лапатик-1» командасы турнирдің нағыз жеңімпазы атанды. Бұл жетістік – тек қатысушылардың ғана емес, бүкіл Қостанай өңірінің үлкен мақтанышы.
Жеңімпаз команданың құрамында Қостанай қаласындағы физика-математика лицейі мен №1 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары Әділбекова Камиля, Тен Кира және Лапатик Ярослав бар.
Оқушылардың бұл жеңісі – облысымыздағы білім беру саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың жемісі. Олар өздерінің талпынысы мен еңбегінің арқасында Қостанайдың намысын абыроймен қорғап шықты.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!