Тіл – достықтың алтын көпірі
Дата: 16.09.2025 Рубрика: Бери пример!
0
57
0

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай Жамбыл негізгі мектебінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты зияткерлік турнир өтті. Шараға мектептің 6‑сынып оқушылары мен кітапханашы Р.Кабакова қатысты.
Кітапханашы жас ұрпақ үшін мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталып, тілдің ұлт болашағындағы орны ерекше екенін атап өтті.
Турнир барысында оқушылар арасында түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. «Мақалды жалғастыр», «Кім жылдам?», «Полиглот», «Сиқырлы қап», «Арнау» секілді танымды ойындар балалардың білімін шыңдап, тілге деген қызығушылықтарын арттырды. Қатысушылар викторина сұрақтарына белсене жауап беріп, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін, өз ойларын еркін жеткізе алатындарын көрсетті.
Сонымен қатар іс-шараға аттас кітап көрмесі деұсынылып, онда тіл мен әдебиетке байланысты кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар қойылды. Бұл оқушыларға мемлекеттік тілді насихаттауда және білім көкжиегін кеңейтуде қосымша мүмкіндік берді.
Зияткерлік турнир қызықты дамазмұнды өтіп, жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырды.

Комментарии