Ұлты – неміс, тілі – қазақ
Дата: 16.09.2025 Рубрика: Бери пример!
0
44
0

Денисов ауданындағы Түйемойнақ елінде жалғыз қазақ мектебі бар. Сол білім ордасында өзгелерге үлгі боларлықтай ерекше оқушы – Кэтрин Майер тәлім алады. Ұлты неміс болса да,мемлекеттік тілді жетік меңгерген ол бүгінде қазақшаға судай. № 3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы талай байқауларда топ жарып, ауданның намысын абыроймен қорғап жүр. Тіпті оның есімі облысқа ғана емес, республикаға датанылып үлгерді.
Белсенді, озат оқушы тілдер күніне орай марапатталып, тағы дакөптің ыстық ықыласына бөленді. Кэтринді аудан халқы түгел таниды десек, артық айтқандық емес. Кішкентай ғана қадамымен үлкен мақсаттарға жол ашып, қазақ тілін қадір тұтқан жан ретінде талайға өнеге болып жүр.
Кэтриннің ата-анасы даауданның тумалары. Әкесі Николай Майер Шукубай ауылында дүниеге келіп, қазір «Алтынсарино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып еңбек етуде. Анасы Нина Болих Гришен ауылында туған, бүгінде мектепте кіші қызметкер. Отбасында Каролина мен Алёна есімді екі әпкесі бар. Ал кенже қыз – Кэтрин таза қазақ тілінде сөйлейді, тіпті қазақ әндерін денақышына келтіре орындайды.
– Ұлтым неміс болса да,бала кезімнен қазақ мектебінде білім алып келемін. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өсуіме ең алдымен анам себепкер болды. Ол мені әрқашан мемлекеттік тілді қадірлеуге, тарих пен ұлттық құндылықтарды мақтан етуге үйретті. Қазақ тілі маған жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Сондықтан осы тілде білім алып, жетістікке жетуіме қолдау көрсеткен ата-анама, ұстаздарыма алғысым шексіз. Иә, ұлтым неміс, бірақ жүрегім қазақ деп соғады, – дейді Кэтрин Майер.
Озат оқушының бұл сөздері оның мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін айқын аңғартады. Қазақ тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, оны қастерлей білетін Кэтрин – достық пен татулықтың, ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісі.

Комментарии