Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білім байқауында топ жарды

Дата: 09.09.2025 Рубрика: Бери пример!
52
0
Білім байқауында топ жарды
Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Азат Серікбай республикалық шығармашылық жобалар байқауында топ жарып, үлкен жеңіске жетті. Ол «Менің бастамам – менің Отаныма» атты республикалық байқауда І орын иеленіп, 3 миллион теңге жүлде иегері атанды.
Бұл байқаудың аудандық кезеңінде-ақ өз дарынымен ерекшеленген Азат, облыстық сынға жолдама алып, Қостанайда өткен додада бірінші орынды жеңіп алды. «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» атты аталымда үздік шығып, республикалық кезеңге жол ашқан болатын. Тамыз айында өткен қорытынды сында да қарсыластарынан озып, еліміздің ең мықты жоба авторларының бірі екенін дәлелдеді.
Жас таланттың жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Бақытжамал Кеңшілік. Оның қолдауымен Азаттың қабілеті шыңдалып, жаңа белестерге көтерілуіне жол ашылды.
Азат – көпқырлы, өнерлі оқушы. Ол 5-сыныптан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде үздік шәкірт, мектеп парламентінің белсенді мүшесі, шығармашыл әрі ақындық қабілеті бар жасөспірім, 2023 жылы «Тұғыры биік туған жер» ақындар айтысында жүлдегер, 2024 жылы Ыбырай Алтынсарин мектебінің 160 жылдығына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысында дара шыққан, «Туған жерім – тұғырым» айтысында Бас жүлде иеленген. Сонымен қатар, ол қазақ тілі мен әдебиеті бойынша түрлі деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық) онлайн және оффлайн байқаулардың жеңімпазы.
 Азат 2010 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Отбасындағы бес баланың үлкені. Тәрбиелі, ізденімпаз әрі елгезек жасөспірім. Оның жетістігі – еңбектің, білімге деген құштарлықтың және ұстаз бен шәкірт арасындағы тығыз байланыстың жемісі.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!