Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ерте-ерте, ертеде…» ертегілер еліне ғажайып саяхат

Дата: 02.09.2025 Рубрика: Бери пример!
64
0
«Ерте-ерте, ертеде…»  ертегілер еліне ғажайып саяхат
Қарабалық аудандық балалар кітапханасында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары үшін ерекше әдеби саяхат ұйымдастырылды. «Ерте-ерте, ертеде» атты бұл шара қатысушыларды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелеп, шынайы қуаныш пен ерекше әсер сыйлады.
Алғашқы минуттардан-ақ балалар өздерін нағыз ертегі кейіпкерлеріндей сезінді. Олар саяхатшының төлқұжатын және рейске арналған билеттерін алып, сиқырлы әуе лайнерінің жолаушылары атанды. Әдеби «ұшақ» бес түрлі елге бағыт алып, қатысушыларды Ресей, Германия, Англия, Франция мемлекеттеріне және ең соңында туған Қазақстанға қайта әкелді.
Саяхат барысында балалар мен ата-аналар әлем халықтарының ертегілерімен танысып, сүйікті кейіпкерлерін еске түсірді. Әр аялдамада олар қызықты викториналарға қатысып, жұмбақтарды шешіп, ән айтып, би биледі. Әрбір елді артта қалдырған сайын саяхатшының төлқұжатына арнайы белгі қойылып отырды. Бұл балаларға үлкен әсер қалдырып, әр қадамды шынымен де ертегідегідей сезіндірді.
Сонымен қатар, қатысушыларға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды. Бұл олардың көңілін көтеріп қана қоймай, кітапханадағы әсерлі күннің естелігі ретінде сақталатын құнды сыйға айналды.
Шара соңында балалардың жүзіндегі күлкі, ата-аналардың алғысы – кітапхана қызметкерлерінің еңбегін айқын көрсетті. Әдеби саяхат шын мәнінде ізгілік пен мейірімге толы мереке болып, қатысушыларға жаңа білім, ерекше эмоция және кітаппен бірге өткізілген ұмытылмас сәттер сыйлады.
Қарабалық аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырған бұл бастама балалардың шығармашылық қабілетін оятып қана қоймай, оларды әдебиетке деген сүйіспеншілікке баули түсті.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!