Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білімге деген сүйіспеншілік

Дата: 26.08.2025 Рубрика: Бери пример!
55
0
Білімге деген сүйіспеншілік
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі-сарапшысы  Алмас Сәдуақасов ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан “Ерен еңбегі үшін ”төсбелгісін иеленді.
Алмас Жұмашұлы 2015 жылдан бері білім ошағында табысты еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол көптеген оқушыларды республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындап, үздік жетістіктерге қол жеткізді.
Жақында ғана оның шәкірті Андрей Енбахтов IGeO–2025 халықаралық география олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның атын әлемдік аренада асқақтатты.
Алмас  – Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының лауреаты. Ұстаздың табанды еңбегі мен білімге деген сүйіспеншілігі шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына жол ашып келеді.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!