Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Президент қолынан марапат алды

Дата: 26.08.2025 Рубрика: Бери пример!
85
0
Президент қолынан марапат алды
Қостанайдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы, халықаралық білім сайыстарының жеңімпазы Андрей Енбахтов үлкен қуанышқа бөленді.
Ол елорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан арнайы марапат алды.
Ақордада өткен бұл кездесу – еліміздің ең білімді, озат оқушыларын құрметтеуге арналған ерекше шара болды. Президент халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғап жүрген дарынды жастармен жүздесіп, олардың табысына зор баға берді.
Жас зияткерлердің қатарында жуырда өткен халықаралық география олимпиадасында (IGeO-2025) алтын медаль жеңіп алған Андрей де бар. Ол бұл жетістігіне тынымсыз еңбегі мен табандылығының арқасында жетті.
Андрейдің жеңісі – ұстаздарының еңбегінің, ата-анасының қолдауы мен өзінің білімге деген адалдығының жемісі.
– Бұл марапат мені одан әрі талпынуға, жаңа жетістіктерге ұмтылуға шабыттандырды. Болашақта Қазақстанның атын тағы да биіктен танытқым келеді, – дейді Андрей.
Мектеп директоры Гүлнара Досқазиева да шәкіртінің жетістігіне мақтанышпен тоқталды:
– Президентпен өткен кездесу – жас зияткерлерге үлкен қолдау. Мұндай құрмет олардың өз күшіне сенуіне, биік мақсаттар қоюына ерекше серпін береді, – деді ол.
Бұл қуанышты жаңалық барша оқушыларға үлгі. Себебі табандылық пен еңбектің арқасында әрбір бала арманына жете алады.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!