Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілге құрмет – жүректен

Дата: 22.07.2025 Рубрика: Бери пример!
64
0
Тілге құрмет – жүректен
 
Қазақ тілін үйрену – елге, халыққа, оның мәдениетіне деген құрметтің көрінісі.
Осы ұстанымды өмірлік ұранымен ұштастыра білген жастардың бірі – Лысенко Александр Иванович. 26 жастағы Александр – Қарабалық ауданына қарасты Белоглин ауылдық округіндегі Новостройка мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ұлты – орыс. Қазіргі таңда туған мектебінде еңбек етіп, жас ұрпаққа білім беріп жүр.
Александр – дәл осы Новостройка мектебінің түлегі. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан соң, Қостанай педагогикалық колледжінде білім алып, оны қызыл дипломмен аяқтайды. Сол табандылығының, білімі мен тәрбиесінің арқасында бүгінде өзі оқыған мектепте ағылшын пәнінен сабақ беруде.
Ұстаз болу – арман мен жауапкершіліктің ұштасқан биігі. Бұл мамандықты жүрекпен таңдаған Александр – оқушыларымен тіл табыса білетін, жаңашыл ұстаз ретінде танылып келеді.
Қазақ тіліне деген құрмет Александрдың бойында студенттік кезеңде-ақ қалыптасқан. Ол қазақ тілін колледжде оқып жүргенде достарымен араласа жүріп үйренгенін айтады.
«Қазақ достарыммен сөйлескім келді. Олар мені қолдап, көмектесті. Тілді жаттап емес, сезініп үйренуге тырыстым. Тіл үйрену үшін ең бастысы – ниет пен орта керек», – дейді ол.
Бүгінде Александр қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз әріптестерімен де, оқушыларымен де ана тілінде араласып жүр. Александр Иванович – өз ұлтының ғана емес, қазақстандық жастардың барлығына үлгі болатын тұлға. Ол «мемлекеттік тілді меңгеру – азаматтық парыз» деген ұстаныммен әрекет етеді. Ұстаз ретінде оқушыларына да қазақ тіліне құрметпен қарауды үйретіп, үлгі көрсетіп келеді. Тіпті ауыл тұрғындарының өзі оны жылы қабылдап, тілге деген талпынысын жоғары бағалайды.
Лысенко Александр – тілге құрметтің жарқын үлгісі. Оның бойындағы ұлтқа, тілге, елге деген сүйіспеншілігі – қазіргі Қазақстан қоғамының кемелдену жолындағы маңызды қадам. Осындай жастар арқылы елімізде татулық пен достықтың туы әрдайым биік болады.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!