Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Арсенийдің ауласы – үлгілі аула

Дата: 22.07.2025 Рубрика: Бери пример!
102
0
Арсенийдің ауласы – үлгілі аула
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» жобасына жоғары баға беріп, оны «саяси маңызды жоба» деп атаған еді. «Таза Қазақстан - бұл адамдарды біріктіреді. Экологиялық сананы оятады», – деген болатын Президент.
Ал бұл бастаманы қолдаған жастар да аз емес. Солардың бірі – Ұзынкөл ауданы, Троебрат ауылынан келген 8-сынып оқушысы Арсений Бибик. Ол Қостанайдағы облыс активімен өткен экологиялық кеңесте облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың алдында табиғатты сақтап, айналаны таза ұстау жайында ойын айтып берді. 
Арсений тазалық пен тәртіпке жаны жақын оқушылардың бірі. Ол өз ауласын ретке келтіріп қана қоймай, достарымен бірге ағаш отырғызып, қоршауларды бояп, ауылын көркейтуге үлес қосты.
«Бізде қызықты байқау өтті. Қолымызға қылқалам мен бояу беріп, ауламызды әрлеуді тапсырды. Басында қиындау көрінді. Бірақ бірлесіп еңбек еткен соң, ауламыз жаңарып, әдемі бейнеге енді! Бұл маған үлкен қуаныш сыйлады», – дейді Арсений шаттанып.
Жас табиғат жанашыры атқарған ісімен бірінші орынға ие болды. Бұл – оның еңбегінің әділ бағаланғаны. Арсенийдің бұл жеңісі – тек жеке жетістік емес, өзге оқушыларға үлгі боларлық іс.
Врезка:
Балалар, сендер де үлес қоса аласыңдар!
Ауламызды, мектебімізді, ауылымызды таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз. Ағаш егу – болашаққа жасалған жақсылық! Қоршаған ортаны қорғау – тек үлкендердің емес, біздің де міндетіміз!
Балаларға сауал
 – Сен өз аулаң үшін не істей аласың?
– Табиғатты қорғау үшін қандай игі іс жасадың?
– Өз үлгіңді бізге жазып жолда! 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!