Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Түс көрген домбырашы

Дата: 17.06.2025 Рубрика: Бери пример!
207
0
Түс көрген домбырашы
Аружан Нұрмұхамбет – Рудный музыкалық колледжінің қазақ халық аспаптары бөлімінде оқитын 2-курс студенті. Домбыраға деген махаббаты оны тек өнер иесі етіп қана қоймай, нағыз рухани ізденіс жолына алып келген.
Мен Аружанды алғаш көрмеде кездестірдім. Ол қарапайым киінген, бірақ жүзінен бір өзгеше жарқыл байқалатын. Домбыраны қолына ұстаған сәттен-ақ оның бұл аспаппен тілдесе алатынын сезуге болатын еді. Ол – күйді жүрекпен сезінетін, ұлттық өнерді жан-тәнімен сүйетін жас.
– Мен үшін домбыра – жай аспап емес, бұл менің жанымның тілі, халқымның үні. Әр күйдің артында терең тарих, ұлттың қуанышы мен қайғысы, ерлігі мен сағынышы жатыр. Бұл – сөзсіз ем болатын өнер. Домбыра тартқан сәттерде өзімді өз орнымда жүргендей сезінемін. Бұл – менің рухани бақытым, – дейді Аружан.
Домбырамен алғаш таныстығы бала күнінде басталған. Ал кәсіби жолы колледж табалдырығын аттағанда нақты бағыт алған. Ұстазы – Ыбырай Әуеханұлы өнерге деген махаббаты мен тәртіпті үйреткен ерекше жан.
– Ол маған тек күй үйреткен жоқ. Ол – өнерге шынайы махаббатты сіңірген адам. Сабақтарының әрбір сәті мен үшін үлкен өмірлік тәжірибе болды, – дейді Аружан ұстазы туралы.
Мені ең таңғалдырғаны – Аружанның еңбекқорлығы. Ол тіпті MART сауда үйінің алдында да домбыра тартып, халықтың алғысына бөленген. Саусақтары жара болып кеткенше жаттығып, тоқтамай еңбек еткенін айтып берді. Мұндай табандылықтың астарында үлкен сенім жатыр екен.
– Бірде ерекше түс көрдім. Түсімде шөл далада кішкентай қыз домбыраны сындырып жатыр. Сол сәтте арғы атам – Ғазез-Жүсіп келіп, домбыраны жөндеуге тырысты. Содан кейін ол маған қарап: «Домбыраны қолыңнан тастама», – деді. Сол күннен бастап мен бұл жолдың менікі екеніне шын сендім. Бұл түс – менің ішкі сенімімнің бастауы болды, – деп бөлісті Аружан.
Ол жастарға да ерекше кеңес берді:
– Өнер жолына түскен әрбір жас өз тамырын ұмытпауы керек. Домбыра – бұл сенің тарихың, болашағың. Егер оны шын сүйсең – бұл өнер саған есік ашпай қоймайды. Жаттығудан қорықпа, ұстазыңды тыңда, табанды бол. Ұлттық өнермен айналысу – жай хобби емес, бұл – ұлт алдындағы жауапкершілік!
Аружан – нағыз өз орнын тапқан жан. Түсі арқылы рухани бағдар тапқан, өнерді серік еткен жас талант. Оған қарап, шабыттанбасқа болмайды. Мүмкін, бұл – өзі айтқандай, бір миссия шығар...
Мадина КАЛИМОВА,
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!