Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Үздіктер қатарында бол

Дата: 10.06.2025 Рубрика: Бери пример!
75
0
Үздіктер қатарында бол
Қостанайда өткен «Сен үздіксің!» атты салтанатты жиын – жас дарындардың еңбегі мен жеңісін бағалауға арналған шынайы мереке болды. Іс-шара «IQOSTANAI» Смарт орталығында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жылы атмосферада өтті. 
42 үздік оқушы – республикалық және халықаралық ғылыми, спорттық, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Олардың әрқайсысына ақшалай сертификаттар табысталды. 38 педагог – жас жетістіктерге жетуге жол ашқан ұстаздар Қостанай облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп:
– Біздің басты мақсатымыз – әр баланың жүрегіне жылулық пен сенім ұялату, оларды қорғай отырып, үлкен жетістікке жетуге қолдау көрсету. Бүгінгі балалар – ертеңгі елдің тірегі. Олар үшін жаңа мектептер, спорт кешендері мен өнер орталықтары салынып жатыр. Бұл – жас ұрпаққа деген шынайы қамқорлық, – деді.
Салтанатты кештің жарқын кейіпкерлерінің бірі – Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейінің түлегі Аян Үсембаев. Ол республикалық олимпиадада алтын медаль жеңіп, бірнеше университеттің оқу гранттарына ие болды. Аян өзінің әсерімен бөлісті:
– Менің жетістігім – тәлімгерім Оксана Васильевнаның қолдауы мен өзімнің табандылығымның жемісі. Өткен жылы күміс иеленіп едім, биыл алтын алуға қол жеткіздім. Ең бастысы – сену және тырысу!
Дәстүрлі түрде өтетін «Мектеп балалар көзімен» конкурсының нәтижесі де осы жиында жарияланды. Қарабалық ауданының Тоғызақ мектебі жеңімпаз атанып, 3 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды. Бұл қаржыға мектеп ауласына таза ауада баскетбол алаңы, шахмат үстелдерімен жабдықталған коворкинг зонасы
салынатын болды. Енді оқушылар таза ауада дене шынықтырып, ой-өрістерін де дамыта алады.
Іс-шара соңында балалар шығармашылық ұжымдары мен өнерлі оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ән шырқалды, би биленді, көркем сөз оқылды – көрермендер таңданыс пен қошеметке бөленді.
Бұл күн – тек марапат емес, шабыт пен сенім күні болды.
Кештен алған әсер әр баланың жүрегінде ұзақ сақталары анық. «Сен үздіксің!» жобасы – еңбекті бағалайтын, дарынды қолдайтын, болашаққа жол ашатын жарқын бастама.
Айзере Қыдырбек,
оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!