Абайға сөз арнаған жүрек
Дата: 13.05.2025 Рубрика: Бери пример!
0



Абай атындағы мектепте Абай оқулары өтті. Спандияр Көбеев атындағы мектептен, сыныптасым Айша Ерсаинова қатысушы қатарына кірді.
Көзінде қорқыныш бар еді, бірақ ішіндегі дауыс: «Барып көр!» – деді. Сол сәтте Айша жай ғана оқушы емес, батыл болды. Айшаның батылдығы нағыз ерлік. Ол жарыс емес – күреске келгендей болды. Үш тақырыптың ішінен жүрегіне ең жақын, өз ойын қозғаған тақырыпты таңдады. Ойланбастан, көзінде от жанды: «Осы!» – деді де, қаламын қолына алды.
Айша өзінің ішкі дауылымен да бөлісті: «Шынын айтсам, бізге ақпарат кеш келді. Соңғы екі күнде ғана дайындалдым. Уақытым өте тығыз болды. Эссемде жазуға қалаған ойларымның көбісі сыймай қалды, критерийде 100-150 сөздің көлемі көрсетілген, ал мен тоқтай алмадым – жүрегім айтқысы келгеннің бәрін төкті, 200-ден асырып қойыппын. Тапсырғаннан кейін күту – ең қиыны болды. Әлем бір сәтке тоқтап қалғандай болды – мен жеңдім!»
Шынында да, Абай атамыздың шығармалары, қара сөздері оқырманның жүрегіне жетіп, мәңгі қалады. Айшаға ерекше әсер еткені – «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі». Бұл Айшаға үлкен серпін ретінде келді. Абайдың ойлары әрқашан өзекті әрі өмірмен үндес. Білім, әділдік, еңбекқорлық – әрбір заманның ізгіліктері.
Айшаға шабыт берген кісілер – ата-анасы мен сүйікті ұстазы. Әзірге Айша қаламды сөреге қойды. Бірақ ертең ол қайта қолына алатыны анық. Өйтені бұл жеңіс алғашқы да, ең бастысы, соңғы да емес!
Болашақ қатысушыларға Айшаның кеңесі: егер жазушы туралы айтсаңыз – оның өмірбаянын, шығармаларын жақсы іздеп, біліп сұраңыз. Әрбір дәйекі сөзді жаныңыздан өткізіп, мағынасын талдап беріңіз. Сол сізге болашақта көмек болады. Сонда ғана сіздің сөзіңіз жүрекке жетеді.
Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген. Айша дәл осыны дәлелдеді.
Мадина КАЛИМОВА
Комментарии