Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жетістікке сәтті қадам

Дата: 25.03.2025 Рубрика: Бери пример!
84
0
Жетістікке сәтті қадам
 Уақыт – адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны тиімді пайдалану – бүгінгі күні жетістікке жетудің бірден бір жолы. Жетістікке жету үшін адам өз бойында нақтылық, жауапкершілік, тұрақтылық, сенімділік, табандылық қасиеттерді дамыту қажет. 
Осы тиімділіктерді пайдаланған Вельченько Камилла «Жетістікке сәтті қадам – шаг к упеху» сайысының үш рет жеңіпазы болды. Камилла орыс сыныбының оқушысы. Өзге тілде оқып мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетіп отырады. «Жетістікке сәтті қадам – шаг к упеху» осындай ерекше сайыс болатынын білгеннен бастап Камилланың ынтасы артты. Менің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде Камилладан байқағаным берілген тапсырма, жұмыстарды бар ынтасымен орындайды. 
Аудандық кезеңге дайындық басталды. Алғашынды қиындау болды. Ғылыми жұмысымыздың мақсатын анықтап, сол мақсатқа ұмтылу қиынға соқты. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қазақтың ұлттық ойындарының бірі асықпен ойнау ерекшеліктерін көрсете білуді маңызды деп шештім. Біріншіден, біз асық ойынының ережесімен, ерекшелігімен танысып, ойнау әдістерімен таныстық. «Бес асық», «Құмар», «Тәйке», «Омпы», «Ханталапай» және т.б. асық ойындарын ойнап меңгердік. 
Камиллаға «Бес асық» ойыны қатты ұнады. Бес асықты тез қағып алды. Бар дайындығымен Камилла ауданнан бірінші орын алып, алға қадам басып, облысқа келіп, онда да жоғары дәрежеден көрінді. Осылай Вельенко Камилла республикалық ерекше балаларға арналған «Жетістікке сәтті қадам – шаг к упеху» сайысында III дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік Камиллаға үлкен қуаныш әкелді. Осы сайыстың арқасында оқушым жетістікке жеттім деген мақтана білді. 
Болатхан Нұржан
Озерный негізгі орта мектебінің мұғалімі 
Қостанай ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!