Грант ұтқан жоба
Дата: 04.02.2025 Рубрика: Бери пример!
0



Лисаков қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Арина Ленц «Қамқорлыққа алынған құстар» атты әлеуметтік жобасын дамыту үшін 100 000 теңге көлемінде грант иегері атанды. Оның бастамасын мектептегі волонтерлер командасы мен «Энканто» клубының мүшелері қолдады.
Грант қаражатына Арина Ленц 20 жемсауыт сатып алды, оған 80 000 теңге жұмсалды. Ал қалған 20 000 теңгені ол құстарға жем сатып алуға арнап отыр. Қыс айларында (желтоқсан, қаңтар, ақпан) құстарды қолдау мақсатында оларды әр апта сайын азықтандыру жоспарланған.
Жемсауыттардың бір бөлігі Лисаков қаласының орталық саябаққа орнатылды, ал қалғандары «Алтай» саябағына және қалалық мектептердің аулаларына ілінеді.
Аринаның айтуынша, бұл жоба шағын әрі қарапайым көрінгенімен, ол құстардың қыстан аман өтуіне көмектеседі. Сондай-ақ, волонтерлер өз жұмыстарын Instagram-да жариялап, лисаковтықтарды жобаға атсалысуға шақырады.
«Кез келген қала тұрғыны құс ұясының жанынан өтіп бара жатып, құстарды өз қолымен қоректендіре алады», – деп бөлісті Арина.
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ,
С.Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы
Лисаков қаласы
Комментарии