Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бағдарламаға сенім артты

Дата: 28.01.2025 Рубрика: Бери пример!
59
0
Бағдарламаға сенім артты
Жобалық кеңсенің жұмысы аясында Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы жөніндегі аймақтық оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысының он жобалық мектебінде авторлық антибуллингтік бағдарлама – «КодАктив: Жедел көмек бағдарламасы» бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 1-11 сыныптардың 6 260 оқушысы қамтылды.
Балалар мен жасөспірімдерге педагогтар «Stop буллинг» постерлерінің QR-кодтарымен бірге мектептерде не үшін орналастырылғанын, оларды қалай пайдалану керектігін және қандай жағдайларда қолдануға болатынын түсіндірді. Барлық оқушылардың «КодАктив» арқылы жасалған өтініштері анонимді болатыны ерекше атап өтілді, осылайша балалар өз мәселелерін жария етуден қорықпай, бағдарламаға сенім арта алады.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!