Байқау өз мәресіне жетті
Дата: 03.12.2024 Рубрика: Бери пример!
0
22
0
Астана қаласында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық байқауы өтті. Бұл жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, оқушылардың таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Байқау мемлекеттік тілді меңгеруге ынта-ықлас танытқан түрлі этностық топтардың жас жеткіншектерін іріктеді.
Бірлігімізді нығайтуды мақсат ететін жобаның жеңімпаздарын марапаттауға Елордамыз Астана қаласына жолдама алғандардың бірі – Қостанай Қоғамдық келісім ұйымы ұйымдастырған «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасының жеңімпазы, 100 мың теңге сертификатының иегері, №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Николаева Дарья болды.
Айта кету керек, ол Қостанай облысында болған «Мың бала» байқауына қатысқан 160 қатысушының ішінен жүлдегер атанған болатын. Республикамыздың әр өңірлерінен жиналған, бәйгеден оза шапқан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп танылған оқушылар, республикалық «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды. Дашамыз қазақ тілінде «Самға» өлеңінен үзінді айтып тыңдармандарды тәнті етті.
Республикалық Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жылдығына арналған поэзия мен прозасын оқу конкурсының қалалық кезеңінің жүлдегері – 2 орын иегері. Қазақ тіліне баулып, қазақтың салт-дәстүрін барынша көрсетіп үйреткен Даша Николаеваның ұстазы Нұрғалиева Ғалия. Ана тіліміздің мәртебесінің өсе беруіне аянбай қызмет етіп келе жатқан олардың еңбегі жанды.
Комментарии