Әр бала қолдау күтеді
Дата: 03.12.2024 Рубрика: Бери пример!
0
18
0
Амангелді ауданы білім бөлімі Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әлімжан Назерке республикалық балалар құқықтарын қорғау өкілі ретінде Астана қаласында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи сын-қатерлер» тақырыбында өткен форумға қатынасты.
Аталған шара Қазақстанның Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына орайластырылып, Дүниежүзілік балалар күніне арналған. Оған 50-ден астам балалар өкілдері, сондай-ақ балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер шақырылды.
Форум үш тақырыптық блоктан тұрды, онда балалар негізгі мәселелер бойынша пікір білдіріп, шешу жолдарын ұсынды. Талқылау тақырыптары бала құқықтары, цифрлық әлемдегі қорғау және экологиялық мәселелерді қамтыды. ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева құттықтау сөз сөйледі. Ол балалардың әл-ауқаты Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылатынына назар аударды.
«Балалардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ міндетіміз. Әрбір баланың қолдау мен қамқорлықты сезініп, естуі өте маңызды. Балаларды тыңдауға мүмкіндік беретін тұғырнамаға айналған балалар өкілдіктері институтының құрылуы кездейсоқтық емес. Бүгін біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуда: балалар омбудсмендері қызметінің жаңа кезеңі басталып, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің жұмысы жандануда. Біздің ортақ міндетіміз – балалардың игілігі үшін күш біріктіру. Сіздер әр аймақта балалардың мүдделерін білдіріп, олардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бойынша ересектерге көмекші боласыздар», – деп атап өтті бірінші вице-министр.
Кездесу қорытындысында Назерке Шәріпқызы Оқу-ағарту министрлігі балаларды қорғау комитетінің дипломымен марапатталса, жетекшісі Әбілбаева Нұргүл Жомартқызына бала құқықтарын қорғау саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етілді.
Комментарии