Жанға дауа – жетіген
Дата: 12.11.2024 Рубрика: Бери пример!
0
55
0
Жетіген аспабының үні және оның адам жанын емдеу қасиеті бүгінгі таңда тың тақырыптың бірі. Көнеден жеткен жетігеннен төгілген әуеннің тыңдаушысын арбап, жансарайыңа бойлап, шаршаған жүйкені дамыл таптыратын бір құдіреті бар. Жетігеннің осы бір қасиетін аша білген, заманауи ырғаққа бейімдеген тұлғалардын бірі әрі бірегейі Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, өнер магистрі Нұргүл Жақыпбек екенінің бірі білсе, бірі біле бермейді.
Қазір жасына қарамай жетіген аспабын үйренуге ынталанып жүрген адамдар аз емес. Бүгінде жетіген аспабы жеткілікті түрде танымал әрі оған деген сұраныс та бар. Қазақстанның әр түкпірінен жетігенде ойнайтын өнерлі жандарды табуға болады.
Күннен күнге көне жетігеннің танымалдылығы ұлғайып келеді. Бұл аспаптың дамығаны соншалықты, бұрын онымен қысқа күйлер, әндер ғана орындалса, қазір күрделі үлкен классикалық шығармалар ойнауға болады. Республика аясынан шығып, халықаралық деңгейдегі өнер додаларына қосылды. Қазір Азия елдерінен өнертанушылар осы аспапты арнайы іздеп келіп, біздегі даму үрдісіне, орындаушылық ерекшелігімізге қызығушылық таныта бастады. Қытайда осы аспаптың тарихын зерттеп, дамытатын ұйым бар екен. Олардың да музыкалық сарапшылары Қазақстанға жетігенді іздеп келді. Өйткені оларда да жетіген тектес музыка аспабы бар. Олар біздің музыкалық аспабымыздың өзіндік ерекшелігін тексеріп, ойнау әдістерімізге оң бағасын беріп кетті. Оңтүстік Кореядан келгендер де ЮНЕСКО шеңберінде зерттелген біздің жетігенімізді көрді.
Жоғарыда айтып отырғанымыздай, еліміздің әр шалғайынан жетіген өнерін іздеп келіп, үйреніп жүрген жастар бар. Менде сол талапты оқушылардың қатарынанмын.
Мен өз зерттеуімді бастамас бұрын, алдыма нақты мақсаттарымды айқындап алдым. Ол жетігеннің шығу тарихын, құрылымын, музыкалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі қолданысын, емдік қасиетін зерттеу және оның қазақ мәдениетіндегі орнына баға беру еді. Осы мақсатқа жету жолыдна бірнеше міндеттерімде бірден көрініс тапты. Олар: жетігеннің тарихи негіздерін анықтау, аспаптың құрылымын, музыкалық мүмкіндіктерін талдау, қазіргі кездегі қолданысын және емдік қасиетін анықтау. Міне осы жолда жас зерттеуші ретінде мен Атырау, Астана, Алматы қалаларына барып өз тәжірибемді шыңдап, шеберлік сыныптарға қатыстым. Ең есте қалған шебер сыныбым, тәуелсіздік тұсындағы тұңғыш жетіген мектебінің негізін қалаушы, сынып ашушы, танымал да тәжірибелі музыкант Жақыпбек Нұргүл Бижанқызынан алған сабағым еді. Осы бір сәт менің өмірімдегі үлкен бір қадамды бастауға себепші болды десем қателеспеймін. Себебі осыдан кейін мен жетіген аспабының ерекше бір қасиетін, яғни емдік әсерлерін тереңірек зерттеуге деген құлшынысым арта түсті. Осы жолда маған және менің қызығушылығыма үлкен қолдау көрсеткен әрине бірінші ата-анам болса, екінші технология пәнінің мұғалімі, әрі жетекшім Жамбулова Айгүл Жақанқызы болды.
Саpаптау, ой қоpыту, жалпылау, cалыcтыpу, жинақтау және талдау әдістері арқылы бірлесіп жасалған жұмыс нәтижесінде біздер, яғни мені қолдаушы жақындарымның арқасында жетіген аспабының эмоционалды байланыс, стресс пен күйзеліске қарсы тұра білу, мәдениетті сақтау, ақпаратты жеткізу, арт-терапия, денсаулыққа пайдасы сынды бізге мәлім де беймәлім тұстарын аша білді.
Алдағы уақыттағы біздің басты әрекетіміздің бірі, осы аспапты ерекше білімді қажет ететін балаларындың терапиясында қолдану. Сонымен қатар практикалық жұмыс барысында оның тигізер оң әсерін тереңірек зерттеу, білім бағдарламасына қосу мәселесі нысанаға алынып оытыр. Соны жүзеге асыру үшін қаламыздағы бірнеше ерекше балаларға білім беретін мекемелердің, мәселен «Амалия» білім беру орталығының басшылары, арнайы білім беру педагогтері мен медбикелерімен келісу сөздерін жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта өз зерттеулерімздің практикалық бөлімін, яғни музыкалық жетіген терапиясын еңгізіп көру жоспарланып отыр.
Жетіген қазақ халқының музыкалық мұрасында ерекше орын алады. Оның үні халқымыздың ішкі жан дүниесінің, табиғатпен үйлесімділігінің бейнесі болып табылады. Жетігенді зерттеу арқылы біз халқымыздың мәдениетін тереңірек түсінеміз және оның қазіргі музыкалық әлемдегі рөлін бағалаймыз. Жетіген қазақ халқының музыка мұрасында жоғалып, қайтадан қалпына келтірілген ішіекті-шертпелі, қайталанбас дыбыс ерекшелігіне байланысты, ел арасында кеңінен танымал бола бастаған уникалды музыкалық аспап деп танимыз. Жетіген күздеген жылдар өтсе де сол баяғы қарапайым күйінде қала бермек. Ішек саны жетеу, тиегі асық. Осынау ата-бабамыздан бізге жеткен. Жетіген аспабына құрметпен қарап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің мақсатымыздың бірі болмақ.
Гүлбахар НАЗАР,
Қостанай қаласы С.Мәуленов атындағы гимназияның
7 «ә» сынып
оқушысы
Комментарии