Демалыс кітап оқумен өтті
Дата: 12.11.2024 Рубрика: Бери пример!
0
100
0
Бастауыш сынып оқушылары күзгі демалысын кітап оқумен өткізді. Каникул алдында олар кітапханадан өздеріне қызықты бірнеше кітап алды. Сол кітаптарды үйде ата-анасымен, аға-әпкелерімен бірге оқыды. Алған кітаптар ертегілер, шытырман оқиғалар, фантастика және балалар туралы әңгімелер.
3 «А» мен 4 «А» сынып оқушылары мектеп кітапханасында ұыймдастырылған кітап оқуға қатысты. Балалар оқу үшін «Кішкентай өрт сөндірушілер» әңгімесін таңдады». Олар кезек-кезек дауыстап оқып, сюжет өрбіген сайын сюжеттің даму барысындағы кейіпкерлердің әрекеттерін талдады. Біздің оқушыларымыз отты пайдалану ережесін жақсы біледі, ересектерсіз сіріңке жағу, орманға бару қауіпті екенін де түсінеді. Содан кейін олар әңгіме бойынша өз суреттерін салды. Ертай Шәкіржан «Ағаштарды сындыруға болмайды» деген плакат жасады. Ал Маржан Жомарт бірнеше кішкентай, стикер сияқты суреттерді салды. Зайнап Байдәулетова кітап мұқабасының өз нұсқауын жариялады.
Екінші сынып оқушылары ата-аналарымен, мұғалімдерімен, жаңбырға карамай, қалалық кітапханаға барды. Сол жерде оларды Арыстанбаева Майгүл апай қарсы алып, ойын бағдарламасын ұсынды. Оқушылар арқан тарту, спорттық сайстарға қатысып, жақсы демалды. Балалар дәлдікпен, жылдамдықпен, күшпен, ептілікпен жарысты. Олар осы сағатын қуанышты да пайдалы өткізіп, Майгүл апайға алғысын білдірді.
Мария Баяхметова,
Лисаков қаласының Абай атындағы мектеп
Комментарии