Жас таланттар топ жарды
Дата: 18.08.2026 Рубрика: Бери пример
0
2
0

Елорда төрінде өткен «CREATIVE KZ» көпжанрлы өнер байқауында қостанайлық жас өнерпаздар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, республикалық деңгейдегі өнер додасында үздіктер қатарынан көрінді.
Дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған байқау әр өңірден келген өнерпаздардың басын қосты. Сайыста қатысушылар вокал, хореография, аспаптық орындау және басқа да өнер бағыттары бойынша бақ сынап, сахна мәдениеті мен шеберліктерін көрсетті.
Қостанай облысының намысын қорғаған жас өнерпаздар байқауда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Солардың бірі – Мұхит Інжу. Ол өзінің ерекше орындаушылық шеберлігімен, сахнадағы еркіндігімен және көркемдік деңгейімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, байқаудың ең басты марапаты – Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік – жас өнерпаздың ізденісі, табандылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Інжудің әрбір сахналық қадамы мен дайындығы үлкен еңбекті талап етті.
Сонымен қатар орта жас тобы бойынша өнер көрсеткен Ерлан Бақытжан да үздіктер қатарынан табылып, Гран-при иегері атанды. Оның сахнадағы өзін-өзі ұстауы, орындау мәнері, дауыс мүмкіндігін шебер пайдалана білуі көрермендер мен қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Жас өнерпаздардың бұл жеңісі – олардың жеке жетістігі ғана емес, сонымен бірге ұстаздарының, ата-аналарының және шығармашылық ортасының тынымсыз еңбегінің жемісі. Өнер жолында баланың қабілетін шыңдап, дұрыс бағыт-бағдар беру – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осындай байқаулар жас таланттарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, тәжірибе жинақтауға және жаңа белестерге ұмтылуға жол ашады. Қостанайлық өнерпаздардың республикалық сахнадағы табысы – туған өңірдің мәдени өміріндегі маңызды жетістіктердің бірі.
Мұхит Інжу мен Ерлан Бақытжан «Алтын микрофон» республикалық байқауында Қостанай облысының намысын қорғады. Бұл додада да жас таланттар өз шеберліктерін көрсетіп, биік нәтижелерге қол жеткізді. Өнерлі өрендердің жеңісі – олардың өз еңбегіне деген сенімін арттырып қана қоймай, қатарластарына да үлкен шабыт береді. Жас дарындардың шығармашылық жолы жалғасып, жаңа жетістіктермен толыға берсін!

Комментарии