Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас дарындар сынға түсті

Дата: 13.10.2026 Рубрика: Бери пример
5
0
Жас дарындар сынға түсті
М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Өнер мен өлеңді ұштастырған байқаудың басты мақсаты – Жамбыл Жабаевтың мол әдеби мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру және ұлттық өнерді дәріптеу. Облыстық кезеңге білім беру ұйымдарының ішінен іріктеліп, жоғары дайындық деңгейін көрсеткен оқушылар қатысты. Жас талапкерлер ақын шығармаларын жатқа оқып, көркемсөз оқу шеберліктерін танытты. Қатысушылардың өнерінен Жамбыл поэзиясына деген құрметі мен ұлттық әдебиетке деген қызығушылығы анық байқалды.
Байқау барысында оқушылар ақынның терең мазмұнды, рухы биік жырларын нақышына келтіре орындап, сахна мәдениеті мен өз ойын жеткізу қабілеттерін көрсетті. Әсіресе Жамбыл шығармаларындағы елдік рух, адамгершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік пен халықтың мұң-мұқтажын жырлаған өлеңдердің мәнін ашуға баса назар аударылды. Қостанай қаласының намысын №31 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Нағашыбай Инабат қорғады. Жас өнерпаз байқауға тыңғылықты дайындалып, өзінің көркемсөз оқу шеберлігі мен ақын шығармаларын терең меңгергенін көрсетті.
Байқау қорытындысында Нағашыбай Инабат І орынға ие болып, Қостанай облысының абыройын асқақтатты. Осылайша ол «Жыр алыбы – Жамбыл» байқауының республикалық кезеңінде Қостанай облысының атынан өнер көрсету құқығына ие болды. Бұл жеңіс – оқушының ғана емес, оны байқауға дайындаған ұстаздарының да еңбегінің жемісі. Жас өреннің республикалық додада да жоғары нәтиже көрсетуіне тілектеспіз.
Жамбыл Жабаевтың: «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай», – деп жырлағанындай, ақынның шығармашылық жолы қазақтың жыршылық дәстүрімен сабақтасып жатыр. Осындай байқаулар арқылы ұлы жыршының мұрасы жас ұрпаққа жалғасып, ұлттық поэзияға деген құрмет арта түседі.

 
 
 
 
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!