Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлты өзге болса да…

Дата: 14.07.2026 Рубрика: Бери пример
3
0
Ұлты өзге болса да…
Ұлттық өнерді жүйелі түрде дамытып келе жатқан білім ордаларының бірі – Меңдіқара аудандық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі. 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шығармашылық ұжым бүгінгі күні балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды орталығына айналған.
Қазіргі таңда мұнда 384 тәрбиеленуде. Балалар сегіз бағыт бойынша білім алып, өнердің қыр-сырын меңгеруде. Соңғы үш жылда көркем-­эстетикалық бағыт ерекше қарқын алып, әсіресе домбыра үйірмесіне қызығушылық танытқан балалардың саны айтарлықтай артқан.
– Біздің үйірмеге келетін балалардың қатары жылдан-­жылға көбейіп келеді. Қуантарлығы – ұлттық өнерге тек қазақ балалары ғана емес, өзге этнос өкілдерінің ұл-қыздары да ерекше ықылас танытып отыр. Соңғы жылдары домбыра үйірмесіне қатысатын өзге ұлт балаларының саны 11-ге көбейді. Олар қазақтың төл аспабын еркін меңгеріп, күйлер орындап, халық әндерін айтып, терме орындауда елеулі жетістіктерге жетіп келеді. Мұның бәрі де еліміздегі ұлтаралық татулық пен ұлттық мәдениеттің баршаға ортақ құндылыққа айналғанының жарқын көрінісі. Осындайды көргенде қуанып қаласың, – дейді шығармашылық үйі басшысының орынбасары Қайыржан Тілесбаев.
Домбыраның құдіретін жүрегімен сезінген жастардың бірі – Алешин негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ксения Шило. Өзге ұлттың өкілі болса да, ол қазақтың ұлттық өнеріне шынайы қызығушылық танытып, небәрі бір жылдың ішінде домбыраны еркін меңгерген дарынды оқушылардың қатарына қосылды.
Ксения 2025 жылдан бастап домбыра тартуды өз бетінше үйрене бастаған. Қызының өнерге деген ықыласын байқаған анасы оны тұрақты түрде Меңдіқара аудандық Шығармашылық үйіне, ұстазы Байдос Қожасағиевтің сабағына апарып тұрған. Ұстазының кәсіби шеберлігі, отбасының қолдауы және өзінің еңбекқорлығының арқасында ол аз уақыттың ішінде аудандық және облыстық байқаулардың жүлдегері атанды.
Домбырамен қатар Ксения бүгінде скрипкада ойнауды меңгеріп жүр. Ол үшін анасы оны Қостанай қаласына арнайы апарады. Сонымен бірге гитарада ойнап, ән айтуды да өздігінен үйренуде. Оның айтуынша, музыка адамды сабырлылыққа, тәртіпке тәрбиелейді әрі әр халықтың мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Ал домбыра қазақ халқының тарихы мен рухын сезінуге жол ашқан ерекше аспапқа айналған.
Ксения тек өнерде ғана емес, білім мен спортта да үздіктер қатарынан көрініп жүр. Ол барлық пәннен үздік оқиды, түрлі зияткерлік, шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпазы. Осындай жан-жақтылығы оның еңбекқорлығы мен мақсаткерлігінің айқын дәлелі.
– Домбыраның үні ерекше әсер береді. Әр күйдің өз тарихы бар. Қазақ халқының мәдениетін осы аспап арқылы тереңірек таныдым. Болашақта да домбыра тартуды жалғастырып, ұлттық өнерді дәріптеуге өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Ксения.
Ксенияның ұстазы Байдос Қожасағиевтің айтуынша, ұлттық өнердің тілі ұлтқа бөлінбейді.
– Домбыраны үйренуге келген баланың ұлтына қарамаймыз. Ең бастысы – оның ынтасы мен ықыласы. Қазір өзге ұлттың балалары қазақтың күйлерін ерекше сүйіспеншілікпен орындайды. Бұл – ұлттық өнердің өміршеңдігін көрсетеді, – дейді ұстаз.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!