Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Шаңырақтың тірегі – жауапты әке

Дата: 30.06.2026 Рубрика: Бери пример
6
0
Шаңырақтың тірегі – жауапты әке
Әкелер күніне орай Қостанай облыстық тарихи-­өлкетану музейінің қызметкерлері №19 жалпы білім беретін мектебінің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілерімен «Жауапты әке» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді.
Қазақ халқы үшін әке – отбасының тірегі, қара шаңырақтың иесі, ұрпаққа жол көрсететін ақылшы. Сондықтан іс-шара барысында балаларға әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі ерекше орны туралы әңгіме айтылып, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтардың маңызы түсіндірілді.
Кездесудің құрметті қонағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков жауапты әкенің қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Ол қазақ халқының «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген нақыл сөзінің мәніне тоқталып, баланың тұлға болып қалыптасуында әкенің өнегесі мен қамқорлығы ерекше екенін атап өтті.
Балалар да кездесуге белсенді қатысып, өз әкелері туралы әсерлі әңгімелер айтты. Бірі әкесінің еңбекқорлығын мақтан етсе, енді бірі оның қамқорлығы мен мейірімділігі жайында сыр шертті. Оқушылар әкелерінен үйренген жақсы қасиеттерді атап, олардың өз өмірлеріндегі орны ерекше екенін жеткізді.
Іс-шараның шығармашылық бөлімінде балалар түрлі-­түсті қағаздарға әкелеріне арналған ізгі тілектері мен алғыс сөздерін жазды. Кейін сол жазбалармен символикалық «Алғыс ағашын» безендірді. Әр жапырақта баланың жүрекжарды тілегі мен әкесіне деген сүйіспеншілігі көрініс тапты. Тағылымды кездесу балаларға отбасының қадірін түсінуге, үлкенді құрметтеуге және әке еңбегін бағалауға мүмкіндік берді. Өйткені қара шаңырақтың берекесі – татулықта болса, оның мықты тірегі – жауапты әке.
«Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дейді дана халқымыз. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың бойында отбасыға деген құрмет пен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті нығайта түседі.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!