Қазақстандағы Отбасы күні
Дата: 23.09.2025 Рубрика: Бери пример
0
52
0

Отбасы – барлық бастаулардың қайнары, тәрбиенің, сүйіспеншілік пен қамқорлықтың негізі. Ол бізді қалай бар болсақ, солай қабылдайтын, әрқашан күтіп, қолдап, шабыттандыратын ең қастерлі орта.
Сондықтан Отбасы күні – қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты, мейірім мен қамқорлықты еске салып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін ерекше мереке болып табылады.
Қазақстанда бұл күн жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Осыған орай Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сынып сағаттары мен ата-аналар қауымдастығымен кездесулер өткізіліп, отбасылық құндылықтар жайлы ой қозғалды. Балалардың мейірімділік пен жауапкершілікке тәрбиеленуіне бағытталған қайырымдылық акциялары өтті. Сонымен қатар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, отбасылардың бірлігі мен ынтымағы көрініс тапты.
Ерекше назар аударатын шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» отбасылық экологиялық акциясы. Бұл бастама отбасылардың табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуына жол ашады. Қатысушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, балаларға қоршаған ортаны аялаудың маңызын түсіндірді.
Отбасы күні – әр шаңырақтың қадірін арттыратын, туған-туыстарға, ата-ана мен балаға деген махаббат пен сыйластықты қайта жаңғыртатын мереке. Ол – тек отбасы мүшелерін жақындататын ғана емес, жалпы қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтатын ерекше күн.

Комментарии