Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнегелі әулеттер

Дата: 23.09.2025 Рубрика: Бери пример
54
0
Өнегелі әулеттер
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқан әулеттердің қай-қайсысы да мерейлі шаңырақ атағына әбден лайық. Байқауда тек бас жүлде иегерлері ғана емес, арнайы номинация иегерлері де марапатталып, ел алдында өнегелі істерімен үлгі болды.
«Ұрпақ тәрбиелеуші отбасы» атағы Амангелді ауданынан келген Тұрысбековтер отбасына бұйырды. Тұрысбековтер әулеті – өнегелі өмірімен көпке үлгі болып келе жатқан шаңырақ. Әулеттің бәйтерегі Ізтілеуұлы Тұрысбек 1940 жылы Үштоғай ауылында дүниеге келіп, жастайынан еңбекке араласқан. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, жүргізуші, киномеханик, совхоздың қойма меңгерушісі, пошта бөлімшесінің басшысы секілді сан түрлі салада адал қызмет етті. Екі мәрте ауылдық және аудандық деңгейде депутат болып сайланып, ел сенімін ақтаған абыройлы азамат.
Бүгінде 85 жасқа толған ақсақал зайыбы Жаңыл Төлеубайқызымен бірге «Алтын тойын» атап өтіп отыр. Жаңыл апа бар ғұмырын еңбекке арнаған ардақты ана. 12 бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 37 немере мен 22 шөбере сүйіп отырған ақ жаулықты әже. Бұл әулет – салт-дәстүрге берік, ауылдастарына өнегелі өмірімен үлгі болып келе жатқан отбасылардың бірі.
– Бүгінгі марапатқа отбасымызбен түгел келіп отырмыз. Балалардың өсіп өркендегінін көру бір бақыт. Отбасының байлығын, құндылығын сақтау керек, – дейді ақсақал.
Осындай өнегелі әулеттердің қоғамдағы орны ерекше. Олар елдігіміздің, бірлігіміздің үлгісі. Жас ұрпаққа еңбек пен татулықтың, сыйластық пен мейірімнің нағыз үлгісін көрсетіп келеді.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!