Жүйелі еңбектің нәтижесі
Дата: 12.08.2025 Рубрика: Бери пример
0
77
0

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Андрей Енбахтов Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен Халықаралық география олимпиадасында (International Geography Olympiad –2025) жарысында алтын медаль жеңіп алды.
IGeO–2025 жарысындағы бұл жеңіс — Андрей мен оның ұстазы, география пәнінің мұғалімі Алмас Жұмашұлы Садвакасовтың бірнеше жылдық жүйелі еңбегінің нәтижесі. Бұған дейін де Андрей халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп, география пәніне деген қызығушылығы мен терең білімін дәлелдеген.
Биыл бұл олимпиадаға Қазақстаннан төрт оқушы қатысты. Оның барлығы да Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері. Команда 100% нәтиже көрсетіп, ел қоржынына екі алтын және екі күміс медаль салды. Жеңімпаздар олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде жарияланды. Андреймен қатар Қарағандылық Талғат Байбосынов алтын, талдықорғандық Ақжол Болат пен ақтөбелік Әлихан Қалмағамбетов күміс медаль иеленді. Олимпиадаға әлемнің 47 елінен келген 200-ге жуық оқушы қатысқан болатын.
Комментарии


