Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Наргиз – тоғызқұмалақтан әлем чемпионы!

Дата: 12.08.2025 Рубрика: Бери пример
97
0
Наргиз – тоғызқұмалақтан әлем чемпионы!
Жанкелдин ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленіп жүрген Наргиз Бақыт Дәуренқызы әлемге әйгілі чемпион атанды!
Ол Чехияда өткен халықаралық тоғызқұмалақ турнирінде үш бірдей номинация бойынша жүлделі орындарды жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, блиц түрінен – 1-орын, рапид түрінен – 2-орын, классика түрінен – 3-орын!
Бұл – үлкен жетістік! Наргиз тек Жанкелдин ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғап, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты халықаралық аренада дәріптеді. Оның жеңісі – барлық қазақ баласы үшін мақтаныш!
Бұл қуанышты жаңалықпен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қызылбай Әбдібеков те бөлісті:
“Наргиздің бұл жеңісі – қажырлы еңбектің, үздіксіз дайындықтың және ұлтқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Осындай намысты шәкірттеріміз арқылы еліміздің болашағына зор сеніммен қараймыз. Наргизді шын жүректен құттықтаймыз! Алда бұдан да үлкен белестер күтіп тұр!”
Тоғызқұмалақ – ата-бабамыздан қалған зерделі зияткерлік ойын. Наргиздің осындай ойын арқылы әлемдік жарыстарда топ жаруы – ұлттық құндылықтарымыздың өміршеңдігін көрсетеді. Бұл – көп жасөспірімге үлгі боларлық оқиға.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!