Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жаңа жылдық ойыншықтар туралы не білеміз?

Дата: 30.12.2025 Рубрика: Новый год
20
0
Жаңа жылдық ойыншықтар туралы не білеміз?
Облыстық тарихи-­өлкетану музейінің қорында бүгінде 500-ге жуық жаңа жылдық шырша ойыншықтары сақтаулы.
Солардың ішіндегі ең көнесі 1930 жылдары жасалған ерекше ойыншық. Ол мақтадан қолдан құрастырылып, «Оранған торай» деп аталады. Қарапайым көрінгенімен, бұл ойыншық сол кезеңнің тұрмысын, қиялын, мерекеге деген көзқарасын айқын көрсетеді.
Музей қорындағы шырша ойыншықтарының басым бөлігі қала тұрғындары тарапынан әкелінген. Жылдар бойы үйлерінде қораптарда сақталған, «ескінің көзі» болған бұл бұйымдар бір кездері отбасылық мерекенің басты сәні еді. Әр ойыншықтың артында бір үйдің тарихы, бір баланың қуанышы, бір дәуірдің тынысы жатыр.
«Бүгінде жаңа жылды шыршасыз елестету қиын. Алайда бұл дәстүр бірден қалыптасқан жоқ. Тарихқа көз жүгіртсек, 1935 жылға дейін елімізде шырша безендіру дәстүрі ресми түрде қолдау таппаған. Тек сол жылы «Правда» газетінде «Балалар үшін шыршаны безендірейік» деген мазмұндағы мақала жарық көріп, жаңа жылдық шырша қайта жаңғыра бастайды. Осы сәттен бастап шырша балалардың ең сүйікті мерекелік нышанына айналды», – дейді музей қызметкері Дәмелі Әзирханова.
Алғашқы жаңа жылдық ойыншықтар түгелдей қолдан жасалған. Кейінірек папье-маше материалынан дайындала бастайды. Бұл – қағазды бірнеше қабаттап жапсырып, кептіру арқылы жасалатын әдіс еді. Уақыт өте келе ойыншықтардың пішіні мен мазмұны да заман ағымына қарай өзгеріп отырды.
Балалар, егер сендерде де осындай көне заттар болса тарихымен бөлісіп, бізге жіберулеріңізге болады.
Қостанай қаласы


 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!