Жасыл шырша жанында
Дата: 30.12.2025 Рубрика: Новый год
0
25
0

Жаңа жылды қарсы алу – әр баланың асыға күтетін ең сүйікті мерекесі. Осыған орай Арқалық қаласында дәстүрге айналған ерекше сәт – қаланың бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті.
Орталық «Наурыз» алаңы бұл күні нағыз ертегілер мекеніне айналды. Биік те әсем жасыл шырша бой көтеріп, оның айналасына Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – ақ сақалды Аяз Ата мен әсем Ақша қар, сондай-ақ жыл иесі Жылқының мүсіндері қойылды. Түрлі суреттер мен жарқыраған безендірулер алаңды ерекше сәнге бөлеп, балаларды қиял әлеміне жетеледі.
«Жасыл шырша жанында» атты мерекелік кешке жиналған қала тұрғындарын және кішкентай көрермендерді қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтады. Ол баршаға ескі жылдың берекелі болғанын айтып, жаңа жылда әр шаңыраққа қуаныш, молшылық пен бақыт тіледі.
Ең қызықты сәт – шырша шамының жағылуы болды. Бір сәтте мыңдаған шам жарқ етіп жанып, алаң ерекше нұрға бөленді. Осы сәтте балалардың қуанышты күлкісі мен шаттыққа толы дауыстары естілді.
Мерекелік кеш қала өнерпаздарының әсем әндері мен көңілді қойылымдарымен жалғасты. Ән мен би, ойын мен шаттыққа толы бұл кеш әр баланың жүрегінде жылы естелік болып қалды. «Жасыл шырша жанында» өткен бұл мерекелік шара барша балаларға Жаңа жылдың жақындап қалғанын сездіріп, көңілдеріне қуаныш пен үміт сыйлады.
Арқалық қаласы

Комментарии