Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Оқу білім бұлағы

Дата: 16.01.2024 Рубрика: Новый год
366
0
Оқу білім бұлағы
Қыс ғажайыпқа толы мезгіл. Ол өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Біздің сынып  осы ерекше қысқы демалысын қызықты да, пайдалы өткізді деп айтуға болады.
Қысқы демалысын 1 «А» сынып оқушысы Әмина (суретте) «Жануарлар әлемі» атты балаларға арналған танымдық кітаппен өткізді деп айтуға болады. Танымдық кітапты оқып шығып, өзіне қызықты деген деректерді жазып алып, сыныптағы балалармен бөлісуге асықты.  Сонымен қоса, осы кітапқа сүйене отырып, өз қолымен кітапша жасады. Оқу басталысымен, мектепке келіп, оқушылармен бөлісті.
Осының нәтижесі ретінде Әминаның «Жануарлар әлемі» деген танымдық кітабы біздің сыныптың сүйікті кітабына айналды. Басқа балалар да осы кітапты кітапханадан алдыртып, үйлерінде оқып, жануарлар әлемі туралы танымдарын дамытуда. Осылайша  біздің мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылып отыр.
Сания Шағатаева,
бастауыш сынып мұғалімі.
Чапаев негізгі орта мектебі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!