Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тамаша сәттерге толы

Дата: 16.01.2024 Рубрика: Новый год
329
0
Тамаша сәттерге толы
            Жаңа жылды барлық бала жақсы көреді. ҚР Президентінің атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық шыршаға қатысушылар бұл мереке нағыз ғажайыптар мерекесі екендігіне көз жеткізді.
            Облыс әкімі Құмар Ақсақалов балаларды келе жатқан мерекемен құттықтай отырып: «Қостанай облысында әркім өз армандарын жүзеге асыра алуы үшін көп нәрсе жасалуда. Сіздер де өз таланттарыңыз бен қабілеттеріңізді жүзеге асыруға, болашақта өз ісіңізде кәсіби маман болуға, әрқашан өз еліңіздің лайықты азаматы болуға барлық мүмкіндіктер бар», – деді.
            Мемлекет басшысының атынан 9-13 жас аралығындағы дарынды балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар сыйлық жинақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау хат алды.
            Балалар үшін «Карнавал» хореографиялық мектебінің бишілері, жас цирк әртістері өнер көрсетті, жарқын концерттік бағдарлама өтті. Содан кейін оқушылар үшін «IQOSTANAY» инновациялық Оқушылар сарайында қызықты интерактивті экскурсия өткізілді, онда әркім ғылым мен өнердің түрлі салаларында өз күштерін сынап көрді.
            –Мен бүгін бірінші рет Президент шыршасына қатысып тұрғаныма өте қуаныштымын! Жыл бойы жақсы оқуға тырыстым, ғылыми олимпиадаларда жеңіске жеттім. Бізді келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтағым келеді, армандарыңыздың орындалуын тілеймін, ал менің арманым бүгін орындалды, – дейді Арқалық қаласының Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы Серік Азиз өз қуанышын жасыра алмай.
            6 сынып оқушысы Кристина Глазыринаның да алған әсері мол. «Мен бүгін керемет толқып тұрмын. Қостанай ауданындағы Н.Наушабаев атындағы мемлекеттік тілдегі мектепте оқимын. «Жас Ұлан» жасағының құрамындамын және туған мектебім мен ауданымыздың намысын қорғай отырып, көптеген іс-шараларға қатысамын. Бізге қамқорлық жасағаны үшін Президентімізге рахмет! Жаңа жылға қойылған барлық жоспарлар жүзеге асырылсын, ал тілектер орындалсын!», – деп лебізін жеткізді.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!