Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Мәңгілік жаса, қыран елім»

Дата: 11.11.2025 Рубрика: Знайки
38
0
 «Мәңгілік жаса, қыран елім»
Республика күніне орай Мемлекеттік тілдегі кітапханада «Мәңгілік жаса, қыран елім» атты тарихи-­патриоттық кеш өтті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ел тарихын таныту, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу, патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.
Іс-шараға «Кездесу» клубының мүшелері, Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің 5-сынып оқушылары және «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары қатысты. Кеш барысында оқушылар Отан мен тіл туралы өлеңдер оқып, ұлттық күйлер орындады. «Жадыра» вокалдық ансамблі патриоттық және тіл тақырыбындағы әндерді шырқап, кештің мазмұнын айшықтай түсті.
Кітапханашылар қатысушыларға мемлекеттік тілдің тарихы мен маңызы жөнінде қызықты деректер ұсынды. Викториналық сұрақтар арқылы балалардың тілге қатысты білімдері тексерілді. Сонымен қатар, «Тіл – тұғыр, ел – ғұмыр» атты кітап көрмесіне қазақ тілінің дамуы мен ел тарихына арналған әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас буынды туған тілін құрметтеуге, елін сүюге және ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды. Кеш соңында «Рудныйдың ОКЖ» ММ директоры Лариса Анатольевнаның Алғыс хатымен белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Айнаш Әбенова, Мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!