Інжу – дарынды жас зерттеуші
Дата: 04.03.2025 Рубрика: Знайки
0



Інжу Қасымбек – Рудный қаласы Бейімбет Майлин атындағы 7 мектеп гимназиясының оқушысы. Ол ғылыми жұмыстармен 1 сыныптан бастап айналысып келе жатқан дарынды жас зерттеуші.
Оның ғылыми жұмысының тақырыбы – «Қазақ тілінде итке байланысты наным-сенімдер мен тұрақты тіркестер». Бұл тақырыпты таңдау себебі, Інжу қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын, әсіресе наным-сенімдер мен тұрақты тіркестерді зерттегенді ұнатады.
Оның ғылыми жұмысының тақырыбы – «Қазақ тілінде итке байланысты наным-сенімдер мен тұрақты тіркестер». Бұл тақырыпты таңдау себебі, Інжу қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын, әсіресе наным-сенімдер мен тұрақты тіркестерді зерттегенді ұнатады.
Наным-сенімдер қазақ халқының өмір салтымен тығыз байланыста қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған біздің бір байлығымыз. Ит – жеті қазынаның бірі. Қасымбек Інжу итке қатысты нанымдарды терең зерттеп, олардың қазақ қоғамындағы орнын анықтауға тырысты.
Инжу тұрақты тіркестерге де ерекше назар аударды. Тұрақты тіркестер – қазақ тілінің тілдік қорын байытып, халықтың көркем тілін, ойлау мен сезімін байытатын құрал десе де болады. Тұрақты тіркестер көбіне әдебиетте, күнделікті сөйлеген сөздерде кездеседі, сондықтан олардың мағынасын терең түсіну үшін тілдің барлық деңгейінде қарастыру қажет. Інжудің гуманитарлық пәндерде, әсіресе олимпиадалар мен ғылыми жұмыстарда тұрақты тіркестердің маңызы жайында зерттеп, жетістіктерге жетіп жүр.
Осы тақырыптағы ғылыми жұмысты Инжу 2 жыл бойы зерттеп, қорғап шықты. Оның талпынысы мен табандылығына тәнті боламыз. Ғылыми жұмыспен айналысу тек қызығушылықтан ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінің тереңдігін, оның байлығын, халықтың мәдениетіне деген құрметін көрсеткісі келеді.
Інжудің жұмысы Көкшетау қаласында өткен 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында 400 қатысушының ішінен 158 гуманитарлық бағыттағы оқушылар арасынан жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Бұл оның биік нәтижелерге жетуге деген талпынысының айқын дәлелі. Бұл байқаудағы жетістігі мектебі үшін де мақтаныш.
Жетекшісі А.Нұрмақова Інжудің ғылымға, білімге деген құштарлығына тәнті. Інжудің ғылыми еңбегі жастарды ана тілімізді қадірлеуге, өз мәдени мұрамызды сақтау мен дамытуға ынталандырады.
Рудный қаласы
Комментарии