Біздің ерекше топ
Дата: 24.12.2024 Рубрика: Знайки
0
28
0
Бүгінгі күн мен үшін ерекше болды. Мен сыныптастарыммен бірге 1 «Б» сынып оқушыларына бөлме гүлдерін күтуге көмектестім.
Біз, «Еріктілер тобы», оларға өз сыныбын таза, ұқыпты ұстауды үлгі ретінде көрсеттік.
Біз, «Еріктілер тобы», оларға өз сыныбын таза, ұқыпты ұстауды үлгі ретінде көрсеттік.
Мен сыныптастарыммен балаларға гүлдерді қалай дұрыс күту керектігін көрсетіп, суарудың маңыздылығын түсіндірдік. Олар қызығушылық танытып, көмектесті.
Кішкентай балалардың еңбекқорлығына қарап, жүректерімізде жылу сезім пайда болды. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – кіші мен үлкендердің арасында сыйластық пен ұйымшылдықты дамыту, табиғатты қорғау. Қорыта келе, «Еріктілер тобы» сендерге әрқашанда көмек етуге дайын.
Медина Шалдыбаева,
Лисаков қаласының Абай атындағы мектептің
8 «А» сынып оқушысы
Комментарии