Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Знайки
5
0
Біздің жас тарихшылар
«Менің кіші Отаным» 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың VII республикалық зияткерлік конкурсының аудандық кезеңі Қостанай облысы бойынша бір күнде өтті. Конкурстың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндықтыларын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау. 
Конкурс екі турдан тұрады. 1 тур - Қазақстан тарихы пәнінің сұрақтары бойынша тестілеу; 2 тур - 4 номинация бойынша: «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар». Ауданымыздың 12 мектебінен 31 оқушы қатысып жүлделі 1-2 және 3 орындарға иеленді. 1 орын алған оқушылар 16 қазан күні Қостанай қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтсам «Жангелдин ауданы бiлiм бөлiмiнiң Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы бiлiм беретiн мектебi» КММ-нің 10 сынып оқушылары Тойғанбол Томирис Бауыржанқызы, Серік Дильназ Ерікқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Қуандық Айжан.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!