Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Таланттарға жол ашық

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Знайки
5
0
Таланттарға жол ашық
Дарынды, талантты оқушыларды анықтау мақсатындағы республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Жанкелдин ауданында байқауға мектептерден 45 оқушы қатысып, бақ сынады. Шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша оқушылар сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Ниязбек Таңжарык, Серікбол Мадина, Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің 10 оқушысы Қапар Аяулым, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Қарағұл Айназ, Мырзатай Арайлым, Айтан Ерболаттар облыстық байқауға жолдама алды.
Бұл сайыста да өткен жолғы облыстық, республикалық сайыс жүлдегері болған оқушылар Асыланқызы Каусар, Бұхарбай Айару, Ғалымжан Аружан ерекше дарындылығымен көзге түсті. Алайда, алдағы уақытта байқауларда мектептер бір ғана оқушыны барлық бәйгеге қоса беруге жол бермегені жөн. Бұл оқушылар бұған дейін де бірнеше аудандық, облыстық байқау жүлдегері болды. Әр байқауда жаңа таланттардың ашылуына себеп болуымыз керек. Жалпы, «Ақберен» байқауы ауданымызда дарыны мен қабілеті ерекше оқушылардың, білім алушылардың білімімен қатар, өнері мен өресін дамытып жүрген жетекші мұғалімдердің көп екендігін байқатты. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!