Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапханада өткен тарих сағаты

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Знайки
52
0
Кітапханада өткен тарих сағаты
Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапханада Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығана орай «Мәңгілік ел  алыбы – Рақымжан!» атты тарих сағатын өткізді. Іс-шараға қаладағы М.Дулатов атындағы мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.  
Батырға арналған басқосу «Жалпы адамзат баласы үшін соғыс қажет пе?» деген сұрақтан бастау алды. Иә, мұндай суық сұраққа кез келген адам «Жоқ!» деп жауап берері сөзсіз. Бірақ біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін күрескен ардагерлеріміз жайында жастар біле жүруі тиісті. 
Іс-шарада кітапханашы Р.Қошқарбаевтің өмірі, соғыста көрсеткен ерлігі, батылдығы туралы мәлімет берді. Оқушыларға өлең оқып,  бейнеролик көрсетілді.  Қаһарманның ерлігі, марапаттары, ескерткішері туралы түзілген «Басқатырғыш» шешілді, Кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы, ауылымыздан қатысқандар батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз. Осы арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуді көздейміз. Олар кітапханаға үнемі келіп тұрады. Кітап оқумен қатар елге танымал тұлғалардың өмір жолымен де таныс болады», – дейді кітаханашы Жаңагүл Урганчбаева. 
Қошқарбаевтың осынау ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеген мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев болатын. Ол Бауыржан Момышұлының тапсырмасы бойынша Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі лайықты бағасын алуы үшін көп еңбектеніп, көп ізденді. Қазақ жауынгерінің дәл сол сәттегі әрекетін дәлелдейтін жүзден астам құжатты тауып, көтеріп, шетелдік басылымдарда да жариялануына түрткі болды. Елгезек журналист соғысқа соңғы нүкте қойған Рақымжанды тауып, сөйлесіп батырлығы жайында жазуға кіріседі. Осылайша Бауыржанның түрткі болуымен Рақымжан батырдың есімі елге жайылады. Қаһарман тұлға 64 жасында дүниеден өтті. Ер есімінің ерекше ерлігі ел есінде мәңгі сақталмақ.
Оқушылар осы сынды ақпараттарды білумен қатар Р.Қошқарбаев өмірі, ерлігі туралы викториналық сөзжұмбақтарды да шешті. Балалар белсене қатысып, білгендерін молайта түсті.  
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!