Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Знайки
342
0
«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»
Науырзым аудандық кітапханасы 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кешін өткізді.
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. 
Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сәкен Сейфуллин жайлы мәлімет бере отырып, өмірі мен еңбектерімен таныстыру, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу. 
Кешке жалпы білім беретін Жамбыл орта мектебінің 7 «А»,7 «Б» сынып оқушылыры қатысты. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин жайлы бейнебаян көрсетілді.
Арлан Асқар,
оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!