«Тіл – халық қазынасы»
Дата: 17.09.2024 Рубрика: Знайки
0
194
0
Қостанай қаласының білім беру ұйымдары «Ахмет және Тіл» тақырыбында және Жалпықазақстандық ашық диктант жазу іс-шарасына белсене атсалысты.
Қазақ тілінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған мемлекет және қоғам қайраткері. Бүгінгі қалалық білім беру ұйымдарында өткізілген іс-шаралар «Ахмет және Тіл» тақырыбында өрбіді. «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» дөңгелек үстел, «Тілім – менің ғасырларға аманат» әдеби кеш, «Тіл патшалығы» қойылым мен «Ұлт ұстазы» тақырыптарында салтанатты линейкалар өткізілді.
№28 мектеп гимназиясында С.Оспанов, З.Санай, А.Кенжетай есімді тіл жанашырларымен кездесу өткізіліп, Ахмет атамыздың туған жері Торғайдағы мұражаймен қашықтықтан теле көпір өткізілді. Ұлттың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлының туған күніне орай көрмелер ұйымдастырылып, зияткеркерлік ойындар өткізілді. Жалпықазақстандық ашық диктант жазу күніне қарсы қала мектептерінің білім алушылары диктант жазды.
Этностық топтар өкілдерінің арасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – халық қазынасы» челленджі ұйымдастырылды. Білім күніне орай алғашқы қоңырау соғылған күнінен бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері тынымсыз, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Комментарии