Менің алғашқы қоңырауым
Дата: 03.08.2024 Рубрика: Знайки
0
44
0
Алғашқы қоңырау – әрбір мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас өркеннің асыға күтетін мерекесі. Бұл күні кез-келген жан қайта балалық шаққа оралғандай болады. Балалар балғын дәурен қамсыз күнімен қоштасып, оқушы атанып, білім нәрімен сусындауға қадам басады. Бірі жаңадан оқушы атанса, енді бірі жаз бойы көрмей сағынысқан достарымен, екінші үйіндей болған қасиетті білім ордасымен қауышып, мәре-сәре болады.
Биылғы жылдың алғашқы қоңырауы демалыс күніне тұспа-тұс келіп тұр. Ал алғашқы қоңырау бірінші қыркүйекте соғылмақ. Сондықтан қоңыраудың сыңғыр үні тек 1-ші және 11-ші сыныптар үшін ғана соғылатын болады. Ал, қалған сыныптар Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыспайды. Оларға жаңа оқу жылы екінші қыркүйектен басталмақ.
«Мен биыл бірінші сыныпқа барамын. Ол үшін қаладағы №10 қазақ мектебін таңдадым. Мектепке бару үшін оқу-құралдарды алып, дайындалып жатырмын. Мектебім өзіме ұнайды. Бәрі әдемі, әрі кең. Менің достарым да өте көп. Біздің мектепте 4 бірінші сынып бар. Бәрі де білім алып, үздік оқушы атанғысы келеді. Ол үшін көп оқып, білімді болуымыз керек», – дейді Айсана Бақытқалеева.
Мыңдаған оқушы мен мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын бүлдіршіндер үшін 1 қыркүйек жаңа шығармашылық ізденістердің бастамасы болмақ. Дәл осы күннен алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталмақ. Сәттілік саған, балақай!
Комментарии