Ата жолын қуған
Дата: 03.08.2024 Рубрика: Знайки
0
46
0
Жастар бірнеше тіл меңгеріп жүргені қуантады. Осындай талапты жастардың бірі Анель Пимичева. Анельдің есімі өз ортасына жақсы таныс. Ұлты орыс, бірақ қазақ тілінде еркін сөйлейді. Аралас отбасында дүниеге келген. Әкеснің ұлты орыс, анасы Гүлбану қазақ. Кішкентайынан нағашы жағында тәрбиеленеді. Нағашы атасы көпшілікке белгілі тарихшы Нияз Махметұлы. Әжесі Айткүлдің әлдиін тыңдап өскен баланың тілі қазақша шығады. Атасы Нияз оны қазақ балабақшасына береді. Одан кейін 1 сыныпқа баратын кезде қаламыздағы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектепке жетектеп апарады. Ұлты орыс болса да тілі қазақша шыққан Анель мектепте озат оқушылардың бірі болады.
Атасы тарихты жетік білгендіктен немересінің де тарихтан хабары болсын деп, бір уақыт өз білгенін үйретіп отырады. Сондықтан болар Анель өсе келе өзінің тарих пәніне жақын екенін байқайды. №20 орта мектебін тәмамдаған соң А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университетінің тарих факультетіне оқуға түседі.
Білімге құштар, белсенді жас осындай үлкен марапаттарға ие болып жүргенін мақтан етеді. Әрдайым жарқын болашаққа талпынады. Көп тіл білсем дейді. Оның ән айтатын да өнері бар. Бүгінде ол ағылшын тілінде ән орындауды мақсат етіп, осы тілде еркін сөйлеуді меңгеріп жүр. Осы кезге дейін бірнеше қалалық, облыстық, республикалық байқауларда бақ сынаған. Сахналарда өнер көрсетіп, «Туған жер», «Қазағым-ай» деген патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, жұртшылықтың қолдауына ие болған.
Комментарии